Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш » №23 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш
03
март
2022

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш

     3 наурыз күні, сағат 12.00-де Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының басталуына сәйкес,Оқуға құштар мектеп жобасы аясында«Даланың дара ұстазы» атты Ы.алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылып,жоспар құрылып,сценарий жазылып,бекітілді.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріЖетилбаева Торғын мен Қожантаева Алтынайдың жетекшілігімен өткен, әдеби- танымдық кеш өз деңгейінде өтті.Жауапты мұғалімдер;Математика пәндерінің мұғалімдері,Ұзақбаева Ж.К мен Мусилимова Н.А,тарих пәнінің мұғалімі Жунусова С.С.Кештің өтуіне ат салысқан 5,7,10 сынып оқушылары,Алтынсарин өлеңдерін жатқа оқып,көрініс қоюға қатысты.Алғаш ұстаз өмірі мен шығармашылығынан слайд,бейнероликтер көрсетілді.Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің мектепті қалай ашқандығын «Дала қоңырауы» көрінісі арқылы ашып көрсетті.Қазақ даласына сыңғырлаған қоңырау үні,әр қазақтың баласына білім алуға деген құштарлығын еселей түскендей.Жаңашылдықтың жаршысы болған,Ыбырай әр қазақтың баласын көзі ашық,көкірегі ояу азамат ретінде қалыптастыруды өзіне мақсат етіп алды.

  7 сынып оқушылары ерен еңбектері арқылы,әр оброзды ерекше аша алды.Ыбырайдың рөлін сомдаған 10 сынып оқушысы,Ермекбай Мирас актерлік шеберлігін паш етті.Сол кездегі Ыбырай бейнесін көз алдымызға әкелді.

 Кештің мақсаты;Алғашқы ұстаз ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен,шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа,адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы  тарихи тұлғаны еске сақтауға,құрмет тұтуға,үлгі алуға тәрбиелеу.Жауапты мұғалімдер 5-10 сыныптарға Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолдары мен өмірбаянына слайд,бейнероликтер әзірлеп,әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы кері байланыс жасады.

  5 сынып оқушылары Алтынсаринге арнап суреттерін салып,мұғалімдер мен оқушыларға таныстырылым жұмысын жүргізді.Оқушылар еңбегі ұлт ұстазы Ыбырайға деген құрметін мақтанышпен жеткізе білді.

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш өз деңгейінде өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив