"Экологиялық зардаптар адам қажеттіліктерінен жоғары ма?» » №23 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Экологиялық зардаптар адам қажеттіліктерінен жоғары ма?»
05
январь
2022

"Экологиялық зардаптар адам қажеттіліктерінен жоғары ма?»

"Экологиялық зардаптар адам қажеттіліктерінен жоғары ма?» пікірталасына жоспар құрылып бекітілді.  Жоспарға сай сауалнамалар, әдістемелер, слайд, бағалау критерийлері жасалынды. Мектептің  8-10 сынып оқушылары танымдық ойлау қабілеттерін, экология мен адамзаттың тығыз байланысына,экологиялық зардаптардың адамзатқа зиянын,адам қажеттіліктерінің экологиядан жоғары болатынына түрлі аргумент пен факт келтіре отырып,екі тараптан сыни көзқарастарын қызу талқыға салды. Оқушылар АПФ форматта Үкімет және Оппозиция болып екі топқа бөлінді.Әр топта екі спикерден алты оқушы үш топқа бөлініп,бақ сынасты. Үкімет фракциясына: «Экологиялық зардаптар адам қажеттіліктерінен жоғары», Оппозиция фракциясына: «Адам қажеттіліктері экологиядан жоғары» деген өзекті тақырып берілді. Қызу талқыланып, тақырып жан-жақты ашылды. Проблемалық сұрақтар қою арқылы аргументтер келтіріп, ойларын ұтымды, сөздерін жүйелі жеткізе білді. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруда оқушылар өздерінің экологиялық проблемаларын шешу жолдарын, экологиялық зардаптың зиянын білетіндіктерін көрсетті. Тілдік дағды, әдеби тілдік норма өз деңгейінде сақталынды. Критерий арқылы баллдық жүйемен оқушының білімі бағаланды. Уақыт төрешісі сараптама жасап, әр оқушыға бағыт-бағдар беріп отырды. Әр топ өз көзқарастарын жан жақты зерттеп, мысалдар келтіре отырып, дәлелдеді. Ұшқыр, ұтымды ойлап белсенді қимылдады. Бір бірінің ойларына төзімділікпен, ұстанымдылықпен жауап бере білді. Экологиялық зардаптардың адам қажеттіліктерінен туындап отыратындығын,адам мен қоғам табиғат тепе-теңдігін бірдей деңгейде ұстап тұруға қауқары жететіндіктерін жан-жақты талқыланып, әр қырынан ашылды. Құқық деген ұғымның кең, ауқымды адамдардың өміріне жауапты заңдар жинағы екендігін ұғынған оқушылар, тақырыпты тартысты талқыға ұластырды. Еркін сөйлеуге дағдыланды. Пікірталасқа қатысқан ұстаздар оқушылардың белсенділігіне өз көзқарастарын білдірді, бағалады. Кемшілік тұстарын да тілге тиек етті. Пікірталас оқушының көркем сөйлеуге, ұтымды ойлауға, тез шешім қабылдауға, аргументпен сөйлеуге үйретеді.  8-10 сынып оқушылары пікірталаста ұтымды ойларын ортаға салып, қажетті аргументтер келтіргендері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив