№23 орта мектептің бастауыш сынып бірлестігінің «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» онкүндігі » №23 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №23 орта мектептің бастауыш сынып бірлестігінің «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» онкүндігі
10
февраль
2020

№23 орта мектептің бастауыш сынып бірлестігінің «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» онкүндігі

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығы 21-30 қаңтар аралығында болып өтті.  

      Мақсаты: Оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру және шығармашылыққа баулу.  

       Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамиды.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары apтады, шығармашылықпен жұмыс жүргізеді. Апталықтың өтілу жоспары алдын- ала жоспарланып, бекітілді. 

Апталық  мектептің оқу жоспарына сәйкес   21 қаңтар күні басталды . Салтанатты ашылу салтанаты мектептің сап түзеуінде басталды.   Бірлестік Боранчинова Альмира Мұратқалиқызы оқушыларды апталықтың   жоспарымен   таныстырып, сәттілік тіледі.

   Апта бойында «Ұқыпты бала-әдепті бала» тақырыбымен үздік күнделік пен таза дәптер   көрмесі ұйымдастырылды.

Жоспарға сай  2-4 сыныптар оқушыларының күнделіктері мен жұмыс дәптерлері тексерілді. Барлыбекова Әсем Темірбековна тексеру жүргізіп нәтижесін дайындады. Апта соңында үздік күнделік пен таза дәптер атына ие болған оқушыларға марапаттау қағаздары берілді.

Бірінші кезекте ашық сабақ қазақ тілінен  «Ілік септік» тақырыбында

 4 «А» сынып мұғалімі Боранчинова Альмира өткізді.  Сабақ өз мақсаттарына жете алды. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі жоғары деңгейде болды. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы дұрыс жолға қойылған.  Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы оқу әретіне орынды қолданылды. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру болды. 

Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.  Мұғалім ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіре алды.

  Екінші  ашық сабақ әдебиеттік оқу пәнінен  Н. Некрасов     «Дед  Мазай и Зайцы» 4 «Б» сыныбында мұғалім Коспаева Шолпан Бакитовна   өткізді. Мұғалім интерактивті тақтаны пайдалана отырып сабақ өткізді. Сабақ алдына қойған мақсаттарына толық жетті. 

Үшінші  ашық сабақ орыс тілінен  Имя существ как части речи»  3 «Б» сыныбында мұғалім  Алмасова Гулдана   өткізді. Оқушыларды топқа бөліп топпен жұмыс түрін көрсетті. Сабақ өз мақсатына жетті. Топтық жұмыс кезіндегі топ ережесіне баса назар аудару керек еді.

Төртінші  ашық сабақ сауат ашу  « Ж дыбысы мен әрпі»  1 «А» сыныбы мұғалім Жамаш Бота  өткізді. Оқушылар 2 топқа бөлініп топпен жұмыс жасады. Сабақ алдына қойған мақсатына жете алды. Бесінші сабақ   жаратылыстанудан  «Ғаламшарлар қалай орналасқан» тақырыбында 2 «А»сыныбында өтті.  Мұғалім Койчибекова Баян өткізді.  

Мұғалім  жаңа білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспармен жаңа әдіс тәсілдерді пайдаланып сабақ берді. Сабақ алдына қойған мақсаттарына  жетті.  Дегенмен оқулықтағы сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар орындалмай қалды.

Сонымен қатар ашық сабақ жаратылыстану Топырақтың құрамы   тақырыбында 3 «А» сынып мұғалімі  Мухтизарова Альфия  өткізді. Сабақ өз мақсаттарына жете алды. Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырды.. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескерілді. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі) жақсы болды. Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысын көрсете отырып өмірмен байланыс қағидасын ұсынды. 

        Ашық сабақ сауат ашу  « Буква Э, звук Э» және математикадан  «Равенство ,неравенство » тақырыбында Узакбаева Алия Кадировна өткізді. Сабақ алдына қойған мақсаттарына толық жетті. Сабақтын мақсаттары дұрыс алынған. Жоспар бойынша мұғалім оқушыларға есеп пен оның шарттарын түсіндіре алды. Сабақта топтаса отырып есептер пен мысалдар шығара алды.

     Сыныптан тыс іс шаралар да жоспар бойынша уақытымен өтіп отырды. Соның ішінде   Көркем сөз сайысы «Абай оқулары» мен « Абай - дана, Абай - дара қазақта тақырыбында А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.

    Математикадан сыныптан тыс сабақ «Занимательная математика » , Спорттық сайыс «Көңілді старт», « Книга твой лучшии друг» зияткерлік ойындары  мен дайындық топтары арасында өткен спорттық ойыны өте қызықты болды.

              Оқыту  семинарлар    « Сабақта тиімді кері байланысты ұйымдастыру» және     « Использование приемов критического мышление на уроках» тақырыбында мұғалімдерге өткізілді.


 Апталықтың соңғы күні қорытындылау мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтті. Бірлестік Боранчинова Альмира Мұратқалиқызы мұғалімдер мен сынып жетекшілер қатыса отырып, оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Бастауыш сыныптар бірлестігінің отырысында апталығында  белсенді қатысып , оқушыларды ұйымдастыра білген  мына мұғалімдерге:    Қойчибекова Баян Болатбекқызына, Қосбаева Шолпан Бакитовнаға , Барлыбекова Әсем Темирбековнаға  және   Жамаш Бота ,Узақбаева Алия Кадировна , Мухтизарова Альфияға алғыс жарияланды.






Отырыс соңында апталықты сараптай отырып   мынадай ұсыныстар  жарияланды.

  1.  Өз білімін жетілдіру курсында  және деңгейлік курстардан өткен       оқытудағы   жаңаша  әдіс – тәсілдермен мұғалімдерді таныстыру,  мұғалімдер        арасында   көбірек тарату.

2. Сабақта және ашық  сабақтарында жаңаша заман талабына сай   міндеттер қойып, сол бойынша сабақты жоспарлау.

          3.  Интерактивті тақта мен техникалық құралдарды кеңінен пайдалану.

          4.  Топтық   жұмыс  кезінде   топ ережесіне баса назар аудару.

  1. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты әдіс –тәсәлдерді кеңінен пайдалану.
  2. Оқыту семинарланың   рефлексиясы алынып, соған байланысты ұстаздармен коучинг «Обучение критическому мышлению» тақырыбында және  «Кері байланыс-оқу мен оқытуды алға бастырудың қарапайым құралы ретінде»  оқыту семинарын өткізуді  жалғастыру.


Қорытынды: 

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің   апталығы 2019-2020 оқу жылына  арналған жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстар өз деңгейінде орындалды.

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің апталығында сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары, ашық сабақтарын өз уақытында өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда қолданылған көрнекіліктер өте тиімді пайдаланылды.

Мұғалімдер іс-шараларда жаңа технологияны қолданып, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив