Алғыс айту-парызым!
1-наурыз «Алғыс айту күнін» ұйымдастыру бойынша мектебімізде № 33 бұйрық шығарылып, іс- шара жоспары құрылды. 20.02.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі А.Омарован ұйымдастыруымен «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.
28.02.2023 жылы көркем енбек пәні мұғалімі Р.Калиеваның ұйымдастыруымен «Бір ұлт. Бір мақсат. Бір құндылық» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге № 23 орта мектеп оқушылары ат салысты. Көрмені басты мақсаты біздің егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе ол оқушылардың білімді, бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, өзін-өзі жүзеге асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.Адам баласы өз ұлтын мақтаныш етіп, Отаныныа қызмет ететіндей, өз ана тілін құрметтеп, салт-дәстүрін біліп өсуі үшін ең алдымен ата –анасы адами құндылықтарды бойына сіңіріп, дұрыс адам болып қалыптасуы үшін жақсы тәрбие беру қажет. Не дегенімен ең бірінші ұлттық құндылықтарды біз отбасымыздан, ата-анамыздан үйренеміз, солар арқылы білеміз.
01.03.2023 жылдың қайрымдылық акцисына байланыста «Жүректен – жүрекке» атты іс – шарамыз өтілді. Іс – шара барысында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті, бірі ән айтса бірі билерінмен тәнтті етті. 6 Б сынып оқушысы Усцова Нэлля өзінің гимнастикалық биін биледі, 1 а сынып оқушысы Ержан Айым «Бақын деген» әнімен паш етті. 7 А сынып оқушысында Әли «Ерке сылқым» күй татртты. Оқушыларымыз іс – шараға қатысып және көрермен болып адамгершілік жақсылық жасаумен басталатынын яғни жомарт болу, зәру адаммен шын жүректен бөлісу қайрымдылық жасай отырып бір – біріне көңіл күй сыйлауды ұғынғандай болды. Мектебімізде осы іс – шараға орай күнкөріс деңгейі төмен, жетім, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік мәртебеге ие отбасылардан шыққан оқушыларға, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында азық – түлікпен көктемдік аяқ – киім, сырт киім және оқуға қатысты оқу құрал – жабдықтарын тарату іс-шарасына демеушілік көрсетіп, жиналған соммаға қамтылатынын алға мақсат койып отырмыз.
Мектепте өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «РАҚМЕТ САҒАН QAZAQSTAN!» тақырыбында челлендж жүргізілді.
«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
«Ізгілік пен ынтымақ бастауы» тақырыбында бейнеролик жасалды.
Педагог ұйымдастырушы Б.Асамбаева